Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін бірқатар лауазымды тұлға қайта тағайындала алады немесе қайта сайлана алады.
Конституциялық Сот жаңа Ата заңдағы лауазымдық шектеулерге қатысты қаулы шығарып, ол бойынша түсіндірме берді. Бұл Президент, Конституциялық Сот төрағасы, Бас прокурор және Жоғары Сот Кеңесі төрағасы қызметтеріне қатысты шектеулер. Нақтырақ айтсақ, 1995 жылғы Конституция кезінде осы лауазымдарды атқарған мерзімдер есепке алынбайды.