Елордада Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс ХХV съезі өтті

  • 6
  • 07.07.2026, 19:36

Жиында Құрылтай депутаттарының сайлауалды саяси бағдарламасы бекітілді. Съезде таныстырылған сайлауалды платформа делегаттар мен кәсіби қоғамдастық тарапынан үлкен қолдауға ие болды. 

Бағдарламаны талқылау барысында танымал сарапшылар сөз сөйледі. Сондай-ақ Саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды. Партиялық тізім 72 кандидаттан тұрады. Оның құрамында Тамара Асар, Венера Нығаматуллина сияқты танымал өнер адамдары да бар.

Зухра Қамбарова, ҚХП Түркістан облыстық филиалының төрайымы:

- Жалпы әрбір саяси ұйымдар үшін жауапты сәт болып тұр. Себебі алда үлкен саяси шара – Құрылтай сайлауы. Әр партияның басты мақсаты – билікке жету. Осы бағытта ҚХП-сы қарапайым халықтың мұқтажына қажетті заңдарды шығаруға бел шешіп, үлкен бағдарлама қабылдағалы отыр.