Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс XXV съезі өтті. Онда Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімі бекітіліп, партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Ол «Прогресс жолындағы 20 белес» деп аталады. Себебі 2027 жылы ЖСДП-ның құрылғанына 20 жыл толады. Осыған орай бағдарламадағы 20 белес – партия ұсынған реформалардың жиырма нақты бағытын қамтып отыр. Құрылтай сайлауына Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 33 кандидатпен қатысады. Бұл шешім кезектен тыс XXV съезде қабылданды.
Мақсұт Насибулов, ЖСДП орталық аппарат жетекшісі:
- Сайлауалды бағдарламамызды халыққа кең таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз, халықтың қолдауын табады деген сенімдеміз. Біздің бағдарламаны айтатын болсақ, бұл әлеуметтік топтардың қорғалуы, әлеуметтік әділеттіліктің болуы, теңдіктің болуы.