Ақтөбе облысында Құрылтай сайлауы 525 учаскеде өтеді

  • 12
  • 08.07.2026, 19:34

Облыста 500 мыңнан астам сайлаушы бар. Нақты тізім 7-ші тамыздан кейін бекітіледі. Учаскелік комиссияларда үш мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олар сайлауға дейін емтихан тапсырып, арнайы сертификат алады. Азаматтар өзі дауыс беретін учаске туралы ақпаратты жергілікті әкімдік сайтынан немесе байланыс орталығынан анықтай алады.

Берікбай Құрманиязов, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды. Сайлаушылар тізімдеріне дауыс беру күніне 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учаскелерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.