БҚО-да Құрылтай сайлауына дайындық басталды

  • 10
  • 08.07.2026, 19:35

Батыс Қазақстан облысында да Құрылтай сайлауына қызу дайындық басталды. Сайлау күні облыс бойынша 488 учаскеде 452 мың сайлаушы дауыс береді деп жоспарланып отыр. Саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыруға 498 жеке конструкция бөлінген.

Партия өкілдерінің сайлаушыларымен кездесуіне 316 орын белгіленді. «Учаскелік комиссия мүшелерінің 94,9 пайызы тәжірибелі мамандар», -дейді жауаптылар. Комиссия құрамына жаңадан қосылған қызметкерлер қысқа мерзімді оқыту курсында біліктілігін жетілдіреді. Сондай-ақ мүгедектігі бар жандар үшін учаскелерде қолайлы жағдай жасалады.

Әділ Жоламанов, БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлау учаскелері орналасқан нысандардағы жазғы жөндеу жұмыстарының толық аяқталуын осы сайлау барысында қадағалап отырмыз. Бұл жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылуда. Барлық сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдар үшін тиісті жағдайлар жасалған. Сайлау күні облыс бойынша 55 инватакси қызмет көрсетеді. Сондай-ақ қажеттілігіне қарай сурдоаудармашылар жұмыс істейтін болады.