«Қазцинк» компаниясына ₸200 млн айыппұл салынды

  • 11
  • 08.07.2026, 19:41

Қоршаған ортаға залал келтіргені үшін «Қазцинк» компаниясы 60 миллион теңге айыппұл төлейді. Мамыр айында Өскемендегі мырыш зауытында оқыс оқиға болып, шаң сүзгілері істен шыққан. Салдарынан ауаға 3 тоннаға жуық мырыш шаңы таралды. Қазір құрылғы қайта жөнделді. Бірақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зауыттың қуаттылығы 50 пайызға төмендетілді.

Жыл басынан бері өңірдегі ірі өндіріс орындарында 40-тан астам техникалық кемшілік анықталған. Заңға сәйкес олар 200 миллион теңгеден астам экологиялық айыппұл төледі.

Фархат Кнасилов, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

Ауаға зиянды заттардың таралғаны үшін өндіріс орындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемі 60 млн 550 мың теңге болды.