Қырғызстаннан әкелінген алхоры мен шиеден қауіпті зиянкестер анықталды

  • 9
  • 08.07.2026, 19:41

Жыл басынан бері Жамбыл облысына Қырғызстаннан фитосанитарлық талаптарға сай келмейтін өнім өткізуге қатысты 45 дерек анықталды. Тексеру барысында көрші елден әкелінген 800 келі алхорыдан комсток құрты, ал 1,4 тонна шиеден жеміс шыбыны табылды. Карантиндік зиянкес жайлаған өнім Қырғыз еліне кері қайтарылды. Ал заң бұзған тасымалдаушыларға 5,5 млн  теңге айыппұл салынды. Мұндай жағдай өңірде былтыр да болды. Ол кезде 7 жүк көлігінен 5,5 тонна бүлінген шие анықталған. Жалпы 2025 жылы өткізу бекеттерінде 153 заңбұзушылық тіркеліп, санитарлық ережені сақтамағандарға 12 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ 2 мың тонна жүк тиелген 153 автокөлік шекарадан шығарылды. 

Нұрби Жігітеков, облыстық аумақтық инспекциясының басшысы: 

- Қараған кезде инспектор қауіп бар деп тапса, бізде өз зертханамыз бар. Өнімнен үлгі алынып, зертханаға тапсырылады. Егер қандай да бір сәйкессіздік анықталса, өнім кері қайтарылады. Біздің ең басты мақсатымыз – карантинге жататын өнімдерді тексеру, бөтен текті зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің елімізге кіргізілмеуін қамтамасыз ету. Бұл – фитосанитарлық қауіпсіздікті сақтау үшін жүргізілетін жұмыс.