Петропавлдағы жылу магистралінің құрылысына ₸650 млн бөлінді

  • 8
  • 09.07.2026, 19:30

Петропавлдағы жылу магистралінің құрылысына Үкімет резервінен 650 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Жамбыл Жабаев, Аяған Шәжімбаев, Новая және Ыбырай Алтынсарин көшелері бойындағы жылу желілерін жаңғыртуға бағытталады. Биыл 1,4 шақырымы демонтаждалып, орнына жаңа құбырлар тартылады. Жоба шеңберінде 200-ден астам көпқабатты үй мен әлеуметтік нысан жылумен қамтылады. Былтырдан бері электр станцияларындағы 10 энергия блогы, 63 қазандық пен 39 турбина күрделі жөндеуден өткен. Тозығы жеткен 323 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Нәтижесінде, электр станциялары жабдықтарының тозу деңгейі 53 пайызға төмендеді.