«Байтақ» жасылдар партиясы саяси науқанға қатыспақ. Бүгін Астанада кезектен тыс V съезін өткізіп, Құрылтай депутаттығына ұсынылатын 51 кандидаттың тізімін бекітті. Съезде партия Жарғысына өзгерістер енгізіліп, «Қазақстан – өмір сүруге қолайлы ел!» атты сайлауалды платформасы бірауыздан мақұлданды. Құжатта экология мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылып, оны экономика, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, қала дамуы және мемлекеттік басқару жүйесімен сабақтастыру көзделген. Жиынға саяси кеңес мүшелері, экологтар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Съезд барысында өндірісті өңірлердің экологиялық ахуалы да айтылды.
Бекберген Керей, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының хатшысы:
- Біз енді Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Таза Қазақстан» иницитивасын іске асыратын партияның біріміз. Сол себептен біз Қазақстан үшін жасыл, су, таза ауа, таза жер – біздің ең басты құндылықтарымыз болып есептеледі. Сол себептен біз кандидатымыздың ішінде бірінші кезекте – экологтарға біз басымдық бердік.