Маңғыстау облысында 7 жаңа сайлау учаскесі ашылады

  • 11
  • 09.07.2026, 19:48

Маңғыстау облысында Құрылтай депутаттарын сайлауға жаңа 7 учаске ашылады. Өңірде жыл басынан бері 11 дауыс беру учаскесі құрылды. Олар Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы, Түпқараған аудандарының тұрғындарына арналған. Дауыс беру күні аймақта 267 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Онда 450 мың адам таңдау жасайды деп жоспарланып отыр. Сайлаушылар тізімін тамыздың 9-ынан бастап білуге болады.

Елубай Әбілов Маңғыстау облысы Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Қазір сайлаушылардың санын нақтылау бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан жұмыстар  жүргізілуде. Әрбір сайлаушы өзінің тізімді бар ма, жоқ па білуге құқы бар. Сондықтан біз әкімдіктердің жанында 8 колл-орталықтары және фейсбукта арнайы бөлімдер және «Маңғыстау.кз» ресурстарында «Маңғыстау сайлау бот» телеграмм арналары іске қосылды.