Құрылтай сайлауы: сауалнама жүргізетін ұйымдар белгілі болды

  • 6
  • 09.07.2026, 19:33

Сайлау алдында суалнама жүргізетін 5 ұйым белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық пікірге сауал жүргізу туралы 5 заңды тұлғадан хабарлама келіп түскен. Рұқсат алған ұйымдар қатарында «Еуразиялық интеграция институты», «DATAMETRICS» ЖШС, Қоғамдық саясат институты, «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты - Астана» қоры мен Қазақстандық қоғамдық даму институты бар. Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар сауалнама нәтижелерін жариялаған кезде зерттеу жүргізген ұйымды, тапсырыс берушіні, сауалнама уақытын, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, қатысушылар санын және қателік коэффициентін көрсетуге міндетті. Сайлау күні дауыс беру орындарында сауалнама жүргізуге тыйым салынған. Бұл талаптарды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.