Жанар-жағармайды елден заңсыз әкетудің жолы кесілді. Бақылауды қамтамасыз ету үшін шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің маңында 59 полиция бекеті орналастырылды. Онда тәртіп сақшылары мүдделі органдармен бірлесіп, мемлекеттік шекараны кесіп өтетін көліктерді тексеруден өткізуде. Жыл басынан бері қосымша отын бактарымен заңсыз жабдықталған 255 көлік анықтаған. Олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 бабының 7-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. 195-і - шетел, қалғаны - Қазақстан азаматы.