Елімізде аптап ыстық күтіледі

  • 5
  • 09.07.2026, 19:58

Шілденің шіліңгір ыстығы алдағы күндері де жалғасады. Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болып, кей өңірлерде ауа температурасы +45° градусқа дейін жетеді деп болжап отыр. Елдің батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тіпті бұршақ түсіп, жел күшеюі  мүмкін. Шығыс аймақтарда да жауын-шашын болмақ. Күндізгі ауа температурасы батыс пен оңтүстік-шығыста +42°C дейін жетсе, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде +40°C, оңтүстікте +45°C болады.