Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Өз құқығыңды біл» акциясы өтті. Іс-шараны өңір прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп ұйымдастырған. Аймақ тұрғындары мемлекеттік мекемелердің өкілдеріне тікелей жүгініп, өзекті мәселелер бойынша кеңес алды. Көпшілікті мазалаған сауалдардың дені әлеуметтік қолдау, жер учаскелерін рәсімдеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысты.