«Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі өтті

  • 7
  • 10.07.2026, 19:36

Жаңадан құрылған «Әділет» партиясы да сайлауға қызу дайындалып жатыр. Саяси ұйым кезектен тыс III съезін өткізіп, Конституцияға байланысты Жарғыға енгізілген өзгерістер мен сайлауалды бағдарламасын және партияға мүшелік жарнасын бекітті. Партия атынан Құрылтай сайлауына 186 кандидат қатысады. Олардың қатарында білім, ғылым, бизнес, өнеркәсіп, цифрлық сала, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам өкілдері бар. Саяси ұйымның сайлауалды платформасы сегіз негізгі бағыттан тұрады. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бағдарламаның басты ерекшелігі, азаматтардың мүддесін қорғауға негізделгенін атап өтті. Сондай-ақ жасанды интеллектіні дамуға ден қойылмақ.

Бағдат Мусин, «Әділет» партиясы саяси кеңесінің мүшесі:

- Жалпы мемлекеттік басқаруды тиімділігін өсіру мақсатында жасанды интеллект жан-жақты қолданатын болады. Бүгінгі таңда біз eGov-пен бірдеңе жасау бізге тиімділікті көп көтерді ғой. Сондай тағы да он есе тиімділігі жоғары болатын сервистер де пайда болады. Екіншісі, мемлекеттік қызметкерлердің жасап жатқан жұмыстарын қадағалау үшін сол өздерінің компьютерлеріне де жасанды интеллектті қолданылатын болады.