Түркістан облысында 952 учаске ашылады

  • 7
  • 10.07.2026, 19:36

Түркістан облысында Құрылтай сайлауы күні 952 учаске ашылады. Өңірде 1 млн-нан астам сайлаушы бар. Яғни облыс халқының жартысынан көбі дауыс беруге құқылы. Науқан кезінде 970 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Олар арнайы оқудан өтіп жатыр.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, Түркістан қаласы мен Сауран ауданында жаңадан 4 учаске ашылып, алтауының шекарасы кеңейтілді. Саяси науқанның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 32 қоғамдық бірлестік тіркелген. Сондай-ақ 11 қоғамдық бірлестікке Орталық сайлау комиссиясы тарапынан ресми куәлік берілді.

Аңсар Өсербаев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Облысымызда 14 мыңнан аса мүгедектігі бар азаматтар тіркелген болса, ол азаматтардың сайлау учаскесіне келіп, сайлауға қатысуына, бұл жерде пандус, учаскелердің есіктерінен кіріп-шығу мәселелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ учаскелердің интернет байланысы, электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша да жұмыс жүргізіп жатырмыз.