Қызылорда облысында жол қауіпсіздігін дрондар бақылайды

  • 6
  • 10.07.2026, 19:55

Қызылорда облысының полициясы дрон мен цифрлық технологияны кеңінен қолдана бастады. Заманауи құрылғылар  құқықбұзушылықтың алдын алып, қылмысты дер кезінде ашуға мүмкіндік береді. Жалпы облыс бойынша  1500- дей бейнебақылау камерасы бар. Барлығы Ішкі істер министрлігінің «Бірыңғай мемлекеттік бейнебақылау жүйесіне» қосылған. 

Әуеде ұшқан электронды көмекшілер жол қауіпсіздігін қадағалайды. Әсіресе  жол апаты жиі болатын қауіпті учаскелер дронның бақылауында. Ақылды құрылғы қарсы жолаққа шығу, басып озу сияқты жол ережесін бұзу деректерін қалт жібермейді. Деректер бірден біріңғай базаға түседі. Кейін жүгенсіз жүргізушіні жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Бақытжан Әгібаев, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы патрульдік ротасының аға инспекторы:

- Дрондар әсіресе жолдың ұзақ учаскелерінде өз тиімділігін дәлелдеді. Әуеден жол қозғалысының жағдайы толық көрінеді. Ұшқышсыз ұшу апараты мемлекеттік тіркеу нөмерлерін сканерлеп, жол қозғалысының ережесін өрескел бұзған жүргіншілерді анықтйды. 

Әуеден жүргізілетін бақылау есірткі бизнесіне қарсы күресте де тиімділігін дәлелдеді. Бұл «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде түсірілген кадрлар. Ұшқышсыз ұшу аппараттары адам аяғы сирек баратын аумақтарындағы жасырылған есірткі алқаптарын анықтауға көмектеседі.

Алмат Жүнісов, облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Жүйе іздеуде жүрген адамдардың жүзін автоматты түрде таниды. Қараусыз қалған заттарды анықтайды және адамдарың қалыптан тыс шоғырлануын тіркейді. Цифрландыру соқыр аймақтарды жоюға әрекет ету жеделдігін арттыруға және өнідегі қылмыс деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Цифрландыру әуеден бақылаумен шектелмейді. Камералардан түсетін барлық ақпарат тәулік бойы жедел басқару орталығына жинақталады. Бұл деректер полицияға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Арман Орынбаев, облыстық ПД Цифрландыру басқармасының инженері:

- Қаланың және облыс аудандарының барлық бейнебақылау камераларыны келіп түсетін бейнеағын тәулік бойы біздің жедел басқару орталығына жеткізіледі. Камералар қоғамдық орындарын, тұрғын үйлердің аулаларын және жол қиылыстарын үздіксіз бақылап отырады. 

Жасанды интеллектінің көмегімен жыл басынан бері өңірде 12 қылмыс ашылып, 150  құқықбұзушылықтың жолы кесілді.

Карина Хаберова, Райхан Тәжібаева, Ақан Әлиев