Қазақстан стандарттау және метрология саласында Орталық Азиядағы көшбасшы елге айналды. Бұл туралы сала министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, еліміз халықаралық стандарттау жүйесіндегі позициясын нығайтып келеді. Биылғы алғашқы жартыжылдықта 600-ден астам жарамсыз өлшеу құралы анықталды. Олардың қатарында таразы, термометр, қан қысымын өлшейтін құрылғы, газ есептегіштері және жанармай құю станцияларындағы өлшеу колонкалары бар. Басты басымдықтардың бірі ؘ– азаматтардың күнделікті өмірдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ алғашқы атом электр станциясының құрылысына метрологиялық сүйемелдеу жүргізіліп, қажетті талаптар әзірленді.
Бұдан бөлек, биылғы жылға арналған ұлттық стандарттау жоспары бекітілді. Онда алаяқтықтың алдын алу, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, туризм және қызмет көрсету салаларын дамытуға басымдық берілген.
Қанат Қабылбеков, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары:
- Қазіргі уақытта Бірыңғай мемлекеттік қорда шамамен 76 мың нормативтік құжат бар, ал биыл тағы 57 стандартты әзірлеу жоспарланған.