Экономикадағы тағы бір оң динамика өңдеу өнеркәсібінде байқалды. 2023 жылы қалпына келген бұл сала қазір өсімге негізделген орнықты дамуға көшті. Өндіріс ұлғайып, импорт бәсеңдеді. Әртараптандыру бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр.
Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталығы соңғы 5 жылдағы көрсеткіштерді саралап, осындай қорытындыға келді. 2021-25 жылдар аралығында жылдық өсім 11 пайыздан асса, былтыр 12 пайызға жоғарылаған. Талдауға өңдеу өнеркәсібіндегі импортталатын 9 тауар таңдалған. Машина жасаудан бастап, шикізат көздері және металл мен металлургия тағы фармацевтикалық препараттар бар. Бұлар Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі өндірісінің шамамен 88 пайызын қамтиды. Сондай-ақ аталмыш орталық мамандары мінез-құлық экономикасын зерттеп, елде өндірілген тауарларды өткізуге әрекеттенген. Алдымен ірімшік нарығын ілгерлетуге кіріскен топ 4 айда жақсы нәтиже көрсеткендерін айтады. 1-ші маусымнан бастап республика бойынша 40 сауда нысаны таңдап алынған.
Роза Тілеухан, NU жанындағы Ұлттық талдау орталығының аға зерттеушісі:
- Қазақстандық ірімшіктің сатылымы 20 пайызға өсті. Біз бұл экспериментте акция жасамадық, бағасын түсірмедік. Тек қана адамның мінез-құлқына негізделген инструменттерді қолдандық. Ең бірінші барьер.