Адам құқықтарына қатысты мәселе енді жаңа комиссия мүшелерімен қаралады

  • 5
  • 10.07.2026, 19:37

Құрамның шамамен үштен бірі өзгеріп, мамандар сан-саладан қосылып отыр. Ал төрағасы ретінде Жақып Асанов бекітілді. Ол жаңа Конституцияның қабылдануымен комиссияның да жауапкершілігі артқанын айтады. Себебі осы Ата заңда мемлекет пен азамат қатынасына қатысты жаңаша философия қалыптасқан. Яғни адам құқықтары мен бостандықтары жоғары конституциялық құндылық ретінде бекітілуі – соның негізі. 

«Заң мен Тәртіп», «Әділетті Қазақстан» қағидаттары мемлекеттік саясаттың бағдарына айналды. Сондай-ақ бас құжат жеке өмірге қол сұқпау құқығын қазіргі цифрлық дәуір талаптарына бейімделген. Осы тұрғыда арнайы комиссия адам құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдігін жетілдіріп, өзекті мәселені талдап, таразылап, ұсыныс білдіреді. 

Досжан Әмір, ҚР Судьялар одағының төрағасы:

- Біздің құқық қорғау органдарымыз бар: ІІМ, ҰҚК, прокуратура және сот саласы. Бүгінгі күні олар заңның үстемдігін қамтамасыз етеді. Біз олардың жұмысына ешқандай араласпаймыз. Біздің мақсатымыз – адам мен азаматтың құқықтарын қорғау мәселесінде мемлекеттік саясатты іске асыруға көмек көрсету. Сонымен қатар, Президенттің атына адам құқықтары мен бостандықтары мәселесі бойынша ұсыныстар мен хаттар жолдай аламыз. Бұл бағытты жетілдіру үшін қандай заңдар қабылдау қажет, қандай мәселелерді көтеруге болады деген ұсыныстар енгіземіз. Осындай жұмыстармен айналысамыз.