13 шілде – Ұлттық қауіпсіздік органдары күні

  • 24
  • 13.07.2026, 19:44

Биыл Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 34 жыл толды. Осы уақыт ішінде Комитет мемлекетті сыртқы және ішкі қатерлерден қорғап келеді. Соңғы төрт жылда Қазақстан аумағында террористік актілер мен зорлық-зомбылық акцияларын жасаудың 10 әрекетінің алды алынған. Сондай-ақ 290-нан астам діни радикал сотталды, террористік қызметке қатысы бар 1 мың 800-ден астам шетелдіктің елге кіруіне тосқауыл қойылды.

 Ақпараттық кеңістікте радикалды жарияланымдарға апаратын 100 мыңға жуық сілтеме анықталып, бұғатталды. Шекара режимін және аумақтық суларды бұзған 6 мыңнан астам құқық бұзушы ұсталды. 2,5 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалып, заңнаманы бұзған 100 мыңнан астам адам елден шығарылды.

Қару-жарақ, оқ-дәрі және есірткі тасымалдаудың 20 мыңға жуық фактісі, әртүрлі тауарлар контрабандасының 37 мыңға жуық жағдайы анықталды. Бұдан басқа, биоресурстарды қорғау жөніндегі қызмет аясында шекараның теңіз және өзен учаскелерінде 900-ден астам браконьерлік жағдайдың жолы кесілді. Есірткі қылмысы бойынша 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды. Комитет экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және бюджет қаражатын қорғауға да атсалысып келеді. 2022 жылдан бастап қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 1,6 трлн теңгеден астам қаражат өтелді.