Жамбыл облысында бір аптаның ішінде 3 рет жер сілкінді. Магнитудасы 4,5 балға дейін жеткен. Жер асты дүмпілерінен кейін, республикалық маңызы бар тасжолдардың жағдайы шұғыл тексеріліп жатыр. Қазавтожол мекемесінің өкілдері транзиттік жолдардағы инфрақұрылымның да жай-күйін бақылауға алған. Жауапты мамандар 8 ауданның аумағын аралап, 14 жол айрық, 8 теміржол өткелін тексерді. Одан бөлек, 100-ге жуық көпір мен жаяу жүргіншілеге арналған 3 жерүсті өткелінің техникалық жағдайын қарады. Олардың айтуынша, қауіп төндіретіндей ақау анықталмаған. Сондықтан көлік қозғалысына шектеу жоқ.
Біржан Әшіров, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бөлім басшысы:
- Жер сілкінісі кезінде жарықтар пайда болған жағдайда бірінші оның қандай жарық екенін, апатты ма жоқ па соны зерделейміз. Егер апатты болса алдын-ала тиісті өкілдерге хабар беріледі. Жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдын алу шаралары ұйымдамтырылады. Үш жер сілкінісі кезінде ондай қауіпті жарықтар кепшіліктер ауқаулап пайда болған жоқ.