Жаңа Конституция – жаңа сайлау жүйесі

  • 9
  • 14.07.2026, 19:48

Жаңа Конституцияның негізінде өтетін Құрылтай сайлауының бірқатар артықшылығы бар. Заңгер, профессор Еркін Дүйсенов осындай пікірде. Егер бұрын Парламент депутаттары аралас – пропорционалды-мажоритарлық жүйе бойынша өтетін. Ал енді тек пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Яғни, тек саяси партияға дауыс береді. Құрылтайға сол партияның съезінде бекітілген кандидаттар ғана сайланатын болады. Мамандардың пікірінше, бұл бірқатар заңсыздықтардың алдын алады және заң шығару процесін тездетеді. Сонымен қатар Құрылтай атауының өзі халқымыздың салт-дәстүрі, тарихы мен дүниетанымымен үйлесетінін атап өтті.

Еркін Дүйсенов, заң ғылымдарының докторы, профессор:

- Айырмашылықтар өте көп. Өйткені Құрылтай-жаңа Конституцияға сәйкес құрылған мүлде жаңа мемлекеттік орган. Оның үстіне, бұл- шын мәнінде халықтық Конституция негізінде құрылған институт екенін ерекше атап өткім келеді.