Азаматтардың 86,9% ел Президентіне сенеді

  • 9
  • 17.07.2026, 19:36

Әлеуметтанушылар жүргізген зерттеу нәтижесі осыны көрсетіп отыр. Сауалнамаға 2 мың 400 адамның 84,1 пайызы елдегі саяси-қоғамдық ахуалды қолайлы немесе тұрақты деп бағалаған. Респонденттердің жартысынан астамы соңғы бір жылда отбасының материалдық жағдайы жақсарғанын атап өткен. Бұдан өзге, қоғамдық даму институты «Қазақстандықтардың саяси бағдарлары» атты зерттеудің нәтижесін де таныстырды. Бұл бағыттағы сауалнамаға қатысқан ел азаматтарының 75,1 пайызы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін айтқан. 

Бұл туралы Астанада өткен сарапшылар клубының отырысында айтылды. Мамандар құрылтай сайлауы елдің саяси жүйесін одан әрі дамытуға жол ашатынын атап өтті.

Индира Рыстина, саясаттанушы:

- Сайлауға қатысу көлемі басқа сайлауларға қарағанда жоғарырақ болуы мүмкін. Себебі барлық азаматтарға осы Құрылтайдың алғаш рет осындай форматта, алғашқы Құрылтайдың сайлануының өзі де халыққа қызықты болып олар сайлауға келеді деп ойлаймын. Сайлаудың жазғы кезде болып жатқаны да сайлаушылардың сайлауға қатысуына әсер етуі мүмкін.