Жетісу облысында 468 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді

  • 10
  • 17.07.2026, 19:37

Құрылтай сайлауы күні Жетісу облысында 11 аумақтық және 468 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Өңірде 400 мыңнан астам сайлаушы бар. Қазір ауыл-аймақта сайлауға қызу дайындық басталды.

Сайлау комиссияларының мүшелері арнайы оқу курсынан өтуде. 15-ші шілдеде 3 мыңға жуық адамды онлайн форматта оқыту басталды. Мысалы, Сарқан ауданы бойынша 200-ден астам адам осы курсқа қатысып жатыр. Ауданда дауыс беру күні 35 учаске жұмыс істейді.

Мұратбек Естеуов, Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Жоғарыда аталған 35 комиссияның мүшелері 211 адам. Сол 211 адамды біз осы шілденің 15-ші жұлдызынан бастап оқыту-дайындау жұмыстарын жүргіземіз. Олар электрондық жанағы форматта және орталық облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен қатысқан семинар жиындарында өткізіледі.