О. Бектенов пен Р. Скляр Атырау облысының жаңа әкімін таныстырды

  • 6
  • 17.07.2026, 19:37

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр екі өңірдің әкімдерін таныстырды.

Атырау облысындағы мәслихат депутаттары Президент ұсынған екі үміткердің бірін таңдады. Олар - «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов пен өңір әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 101 депутаттың 83-і Болат Ақшолақовты қолдады.