Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай ойнап, нөсер болуы мүмкін. Синоптиктердің болжамына сәйкес, жауын-шашын ел аумағы арқылы өтетін солтүстік-батыс циклонымен тікелей байланысты. Ал Қазақстанның батысында аптап ыстық болады. Ауа температурасы +44 градусқа дейінгі көтерілуі ықтимал. Себебі Иран аймақтарынан жылы ауа массалары келеді.
Нұрдана Тілеуқұл, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
-Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды. Күндізгі уақытта ауа температурасы +34, +39 градусқа дейін қатты ыстыққа дейін, ал жекеленген аудандарда +40, +44 градус өте қатты ыстыққа дейін болжанады.