Шымкентте аптап ыстықтан электр желілеріне түсетін жүктеме бірнеше есе артты. Энергия тұтыну көлемі көбейгендіктен апаттық ақаулар тіркеліп, арнайы бригадалар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. 16 көше мен екі шағын ауданда жарық өшкен. Желіге түскен жүктеме сағатына 200 мегаваттан 459 мегаватқа дейін артқан. Қазір мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, ақауды кезең-кезеңімен жойып жатыр. Мегаполисте электр желілерінің 57 проценті тозған.
Нұрмұхамед Қарабеков, «Оңтүстік жарық транзит» мекемесінің техникалық директор орынбасары:
- Электр энергиясының тұтыну көлемінің артуы осы шілде айында жаз мезгілінде артады және қыс мезгілінде өзінің артатын уақыты болады. Әр үйде салқындатқыш, мұздатқыштардың көбеюіне байланысты және де қыс мезгілінде жылыту обогреватель көбеюіне байланысты. Қазіргі таңда ақаулар кезең-кезеңімен жойылып, электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.