Энергетикалық инфрақұрылымның киберқорғанысы күшейеді

  • 5
  • 23.07.2026, 19:41

Алматыда отын-энергетика кешені нысандарының технологиялық жүйелерін қорғауға арналған кибероқулар өтіп жатыр. Іс-шараны Энергетика министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп өткізген. Басқосу мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіруді көздейді. Екі күн бойы 100-ден аса маман арнайы дайындықтан өтеді. Оның барысында қатысушылар шартты кибершабуылдарды анықтап, тергеп-тексереді. Сондай-ақ іс-шара  инфрақұрылымының кибертұрақтылығын арттыруға, автоматтандырылған басқару жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бақытжан Ілияс, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Энергетика саласы – бұл тек деректерді қорғау емес, сонымен қатар апатқа әкелуі мүмкін жағдайдың алдын алу. Біздің қызметкерлеріміздің біліктілігі қандай деңгейде? Тағы неге назар аударуымыз қажет? Қандай мемлекеттік органдармен бірігіп,  кибершабуылға қарсы тұру үшін күш салуымыз керек? Осы мәселелерге ой жүгірттік. 

Марғұлан Ибраимов, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ проректоры:

Энергетика министрлігімен бірлесіп алғаш рет салалық құзыреттер орталығын ашқан болатынбыз. Оның аясында екі бағыт – сутегі генерациясы іске қосылды. Енді, міне, үшінші бағыт ретінде киберқауіпсіздікті дамытып жатырмыз. Киберқауіпсіздік және кванттық шифрлау бойынша бұл – Орталық Азиядағы алғашқы орталық. Қазіргі таңда осы бағыттар бойынша алғаш рет PhD және магистрлік диссертациялар қорғалып жатыр.