Үкімет жаңа KazSat-3R құруға ₸10 млрд астам қаражат бөлді

  • 5
  • 23.07.2026, 19:32

Үкімет жаңа KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құруға 10 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Бөлінген қаражат қолданыстағы KazSat-3 аппаратын алмастыратын жаңа спутник байланысы жүйесін жасауға жұмсалады. KazSat-3-тің жоспарланған пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталады. Жобаны жүзеге асыру спутниктік байланыс желілері мен телерадио хабар тарату жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, халық аз қоныстанған және шалғай елді мекендерде интернетке қолжетімділікті арттырады.

Бүгінде 4,5 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.