Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат басталды. Енді бәсекеге түсетін партиялар сайлауалды бағдарламасын жариялауға, ақпарат құралдарында жарнама жасауға және сайлаушылармен кездесу өткізуге құқылы.
ОСК Құрылтай сайлауына арналған бюллетеньдегі партиялардың орналасу ретін жеребемен анықтады. Оның қорытындысы бойынша саяси партиялар сайлау бюллетенінде төмендегідей ретпен орналасқан. Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандат үшін 7 партиядан 500-ден астам кандидат бақ сынайды.
Атап айтсақ, «Әділет» партиясы – 186, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 33, «Байтақ» партиясы – 47, Қазақстан халық партиясы – 72, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 69, «Ақ жол» партиясы – 63, ал «Respublica» партиясы 75 кандидат ұсынып отыр.
Үгіт-насихат жұмыстары 21 тамызға дейін жалғасады. Одан кейінгі күн – тыныштық күні. Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. Саяси науқан барысында 12,5 миллион азамат өз таңдауын жасауға құқылы. Дауыс беру үшін 10 мың учаске жұмыс істейді, оның 82-сі шетелдерде орналасқан.