«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясындағы үгіт-насихат жұмыстарын ресми түрде бастады.
«Сайлауалды штабтың ашылу рәсімінде саяси ұйымның төрағасы ел аумағында партияның 20 өңірлік, 226 аумақтық штабымен 30 мың сенімді өкілі жұмысқа кірісті», - деп мәлімдеді. Олар 21 мыңдай іс-шара өткізулері тиіс.
«Әділет» партиясы сайлауға «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасымен қатысады. Бағдарлама жеті стратегиялық мақсат пен ел дамуының он негізгі басымдығын қамтиды. Олар: «Заң және тәртіп», «Тиімді институттар», «Қуатты өңірлер – қуатты ел» және өзге тағы басқа.