Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы да Астанада орталық сайлауалды штабын ашты. Іс-шара барысында үгіт-насихат және үйлестіру жұмыстары мен Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар туралы айтылды. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сайлаушылармен байланыс орнатуға арналған бірегей жобалар да ресми түрде іске қосылды. Олардың қатарында халықтың Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясына жолдайтын ұсыныстары мен өтініштерін жинауға арналған пошта жәшігі және әрбір ниет білдірушіге сөз сөйлеу мүмкіндігі берілетін бейнебөлме бар.
Наурыз Сайлаубай, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының президиум мүшесі:
- Біздің 33 кандидатымыз бар. Әр өңірдегі филиал төрағадары кандидат болып табылады. Осы штабпен басқару арқылы үгіт-насихаттары жұмыстарын жүргізіп отырады. Сондықтан қандай да болса сұрақтар болса, қанжай да бір үгіт-насихаттарда проблемалар болса, мәселе туындаса, осы штаб арқылы келісіп, осы штабтан жауап аласыздар.