«Ауыл» партиясы өзінің республикалық штабын ресми түрде ашты. Іс-шараға құрылтайға кандидаттар, жастар қанатының, барлық өңірлік штабтардың өкілдері қатысты. Олар партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып, алдағы үгіт-насихат жұмыстарын пысықтады. Мәселен, бірнеше өңірде брендтік үлгідегі киіз үй тігу жоспарланған. Аймақтарды аралап, халықпен, еңбек ұжымдарымен кездесу ұйымдастырылады.
Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясының төрағасы:
- Біз сайлауалды бағдарламамызды тіркедік. Қазір жұмысымызды бастап жатырмыз. Біздің жаңа бағдарламамыз жеті бағыттан тұрады. Жиырма өңірді аралап шығуды жоспарлап отырмыз. Шалғай аудандар мен ауылдарға барып, Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын боламыз.