Respublica сайлауалды штабын ашты

  • 4
  • 23.07.2026, 19:38

Respublica партиясы да сайлауалды штабын ресми түрде ашып, үгіт-насихат науқанын бастады. Онлайн форматта елдің барлық 17 өңірі мен 3 мегаполисінде өңірлік штабтар бір мезгілде жұмысын бастады.

Салтанатты рәсімге партия басшылығы, депутаттыққа кандидаттар мен белсенділер қатысты. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров штабтың ашылуын смарт-көзілдірік арқылы Instagram-да тікелей эфирде көрсетті. Айтуынша, Respublica сайлауалды науқанын ашық диалогқа және нақты ұсыныстарға негіздейді. Рәсім барысында кандидаттарға куәлік табысталды.