Жыл басынан бері Маңғыстау облысында 9 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Оның 3 мың 800-ге жуығы тұрақты болса, 5 мың 300-ден астамы уақытша еңбек орны. Нәтижесінде екі қолға бір күрек таппай жүргендердің саны өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 5,1 пайыздан 5 пайызға дейін төмендеген. Аймақтағы орташа айлық көлемі 6,2% артып, 660 мың теңгеге жуықтады. Былтыр дәл осы кезеңде өңірдегі орташа жалақы 622 мың теңге болған еді.