Шымкентте 55 мыңнан астам адам әкімшілік рақымшылыққа ілікті

  • 2
  • 27.07.2026, 19:36

Оларға қатысты 107 мыңға жуық іс тоқтатылып, екі миллиард теңгеге жуық айыппұл кешірілді. Полиция департаментінің дерегі бойынша ұсақ бұзақылықтар, санитариялық-тазалық талаптарын сақтамау және жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары қамтылды. 

Айта кету керек, бұл хаттамалардың күші ешқандай өтініш-арызсыз автоматты түрде есептен шығарылады.

Бақыткелді Әбдіраманов, қалалық ПД басқарма бастығының орынбасары:

- Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізілді. Ол заңда көзделген баптар бойынша азаматтарға әкімшілік айыппұл төлеуден босату қарастырылды. Осы орайда рақымшылық нәтижесінде Шымкент қаласында 55 мыңнан астам азамат айыппұл төлеуден босатылып, жалпы сомасы 2 млрд теңгеге жуық айыппұлдар орындалу тоқтатылды.