«Әділет» партиясы маңғыстаулықтармен жүздесті

  • 2
  • 27.07.2026, 19:44

«Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Маңғыстау облысында бірқатар кездесу өткізді.

Ақтауда көпшілікпен жүздесіп, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылады. Жиын барысында тұрғындар баспана, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және еңбек қатынастарына қатысты сұрағын қойды. Кандидаттар сондай-ақ «ҚазАзот» зауыты мен Ақтау портында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Жұмысшылардың ой-ұсынысын тыңдап, көтерген сауалдарына жауап берді.

Рауан Кенжеханұлы, «Әділет» партиясынан ҚР Құрылтайының депутаттығына кандидат:

- 5 жылдан кейін «Әділет» партиясы Қазақстанды қандай жағдайда көргісі келеді? Соның ішінде экономика қандай болуы керек, еңбек қатынастары қандай болуы керек, отбасының жағдайы қандай болуы керек? Осының барлығы бағдарламаға салынды. Таныстырып жатырмыз. Оның барлығы өлшеулі, нақты, межелі болсын деп жатырмыз.