Respublica партиясы еңбек адамдарымен кездесті

  • 3
  • 27.07.2026, 19:45

Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Өскеменде бірқатар кездесу өткізді. Олар сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорында болып, Үлбі металлургия зауытының жұмысшыларымен және қала тұрғындарымен кездесті. Жиында салық мәселелері, экологиялық жағдай және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды. Кандидаттар жастармен ашық диалог өткізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 

Мейрамгүл Мәдәлі, Respublica партиясынан ҚР Құрылтайының депутаттығына кандидат:

- Салықтық қиындықтар, мемлекеттік кедергілер, бюрократиялық кедергілер жайында айтып жатыр. Тіпті Өскемен қаласының кейбір азаматтары парктың мәселесін шешу, қаланың тазалығы деген сияқты дүниелерді де көтеріп жатыр. Біздің негізгі мақсатымыз – бұл кездесудегі осындай мәселелерді ұғыну, түсіну, жинау. Ертеңгі уақытта сол мәселелердің шешімін табуға жұмыс істеу.