BI Group 10 жыл еңбек еткен қызметкерлерін Парижге саяхатқа жіберді

  • 2
  • 27.07.2026, 19:55

Еңбекті бағалау – қызметкерді ынталандырудың ең тиімді жолдарының бірі. Осы ұстанымды негізге алған BI Group құрылыс холдингі компанияда он жыл еңбек еткен мамандарын ерекше марапаттады. Атап айтқанда, қызметкерлер компания есебінен Франция астанасы Парижге саяхаттап қайтты. Бұл – ұзақ уақыт адал еңбек еткен азаматтарға көрсетілген алғыс.

Париж. Миллиондаған адамның арманына айналған қала. Жақында BI Group компаниясы өз мамандарын осы Франция астанасына бес күндік саяхатқа жіберді. Ынталандыру бағдарламасына компаниядағы лауазымына қарамастан он жыл еңбек еткен қызметкерлер қатысыпты.

Алма Кудерина, «Arman Town A» жобасының бас есепшісі:

- Осындай мүмкіндікті жасаған компанияма шын жүректен алғысымды білдіремін. Бізде қызметкерлерді ынталандыратын бағдарламаның болғанына өте қуаныштымын. Сапар керемет өтті. Парижден алған әсеріміз ерекше. Бұл өмір бойы есте қалатын сәт болды. Саяхатқа өз әріптестеріңмен ұйымдастырылған түрде барудың әсері тіптен бөлек.

Бағдарлама аясында қатысушылар Париждің ең танымал тарихи орындарын аралады. Қаланың ерекше атмосферасын сезініп, әлемге әйгілі Лувр музейі, сондай-ақ сән-салтанатымен танылған Версаль сарайын көріп, оның бақтарын тамашалапты. 

Мұхтар Батыршаев, BI Group компаниясының басқарма директоры:

 - Мен де сол группаның ішіде болдым. Он жылдан астам жұмыс істедім. Мотвациялық сапарға жолдама берді. Үлкен әсерде қалдық. Париждың барлық күшті ғимраттарын араладық. Содан кейін Париждің жаңа іскерлік ауданына бардық. Енді бір керемет. 

Бұл сапар – көпжылдық адал қызметке көрсетілген алғыс. Компания есебінен саяхатқа шыққандардың жалпы саны 160 адам. Осы күзде келесі ынталандыру сапары өтеді. Жоспар бойынша BI Group-та 20 жылдық еңбек өтілі бар мамандар АҚШ-тың Нью-Йорк және Майами қалаларына барады.

Ердәулет Ыбырайұлы, Самат Оспанов