«Байтақ» жасылдар партиясы Алматыда аудан ардагерлерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Шарада партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, қоршаған ортаны қорғау және өңірлердің тұрақты дамуына бағытталған бастамалар сөз болды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өзекті қоғамдық мәселелерді, сондай-ақ сайлауалды бағдарламада көзделген бастамаларды іске асыру жолдарын бірлесіп талқылады.
Іс-шара соңында қатысушылар елдің тұрақты дамуына және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
Алма Қараш, «Байтақ» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Өте мазмұнды әрі қызу пікірталас болды. Отандық өндірісті қорғау ірі инвестициялық жобалардан басталмайды. Ол үйдің жанындағы шағын кооперативтен, шағын цехтан басталады. Менің ойымша, шағын, орта және микробизнес еліміздің экономикасының негізі әрі басты тірегі болады.