Денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы бар. Бүгінде елде 8 мыңға тарта медицина қызметкері жетіспейді. Бұл мәселе әсіресе ауылдарда өзекті. Қосшы қаласындағы медициналық ұйым өкілдерімен кездескен «Ауыл» партиясының өкілдері осылай деді.
Партия мүшелері сала өкілдерімен тілдесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Саяси ұйым мүшелері «Асыл түлік» мал шаруашылығындағы асылтұқымды іс жөніндегі республикалық орталығында болды. Кандидаттар агросаладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бағыттары туралы айтып берді.
Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясының төрағасы:
- Осы жылы оқуын бітіріп жатқан түлектердің 90 пайызы қалада қаламыз деп отыр. Бізде ауылда дәрігерлер, медбикелер де жетіспейді. Үкіметтің аурухана, ФАП салуға жағдайы бар. Амбулатория ашуға мүмкіндігі бар. Бірақ ол ғимарат бос тұрып қалады. Өйткені ішінде маман жоқ.