«Ақ жол» демократиялық партиясының кандидаттары Көкшетаудағы Кокше-city серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті. Жылына ұнға арналған 50 миллион дана қап шығаратын цехта 350 адам еңбек етеді. Партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, басымдық беріп отырған негізгі бағыттарына тоқталды. Сонымен бірге еңбеккерлерді толғандырған сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында кәсіпорын басшыларының күнделікті жұмыста кездесетін қиындықтары талқыланды. Жиында отандық бизнесті қолдау және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері ерекше сөз болды.
Дания Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
– Біз соңғы үш жылда Парламентте осы қарыз мәселесіне қатысты заңдарды қабылдағанымызбен, көпшілік азаматтар өз құқықтарын білмейтінін байқадық. Сондықтан менің бірінші міндетім – оларға өз құқықтарын түсіндіру, қандай мүмкіндіктері бар екенін және несиені қалай жоюға болатынын айту. Осы мақсатта банкроттық туралы заңды түсіндірдік.