Бурабайда жаңа инновациялық қалашық құрылады.
Олжас Бектенов Network School халықаралық технологиялық қоғамдастығының негізін қалаушы Баладжи Шринивасанмен кездесіп, Ақмола облысында халықаралық хаб құру ісін талқылады.
Өз кезегінде Баладжи Шринивасан Қазақстандағы ЖИ саласының әлеуетіне жоғары баға берді. Бұдан бөлек, AI Film фестиваліне қатысу, сондай-ақ халықаралық AI & Digital Bridge форумы аясында әлемнің жетекші технологиялық компанияларының қатысуымен Network State Conference ұйымдастыру мәселелері талқыланды.