«Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті. Ашық диалог барысында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру мәселелері талқыланды.
Басқосуға қатысушылар аймақтың дамуына қатысты мәселелермен бөлісіп, шешу жолдарын ұсынды. Қоғам белсенділері: «Білім беру мекемелерінің жұмысы мен әлеуметтік салаға ерекше мән беру керек», - деп санайды.
Үнзила Шапақ, «Әділет» партиясынан құрылтай депутаттығына кандидат:
- «Әділет» партиясының республикалық штабы Қарағанды қаласына келдік. Қарағанды облысында біршама объектілерге барамыз. Негізгі біздің мақсатымыз – халықты «Әділет» партияның бағдарламасымен таныстыру. Осы жөнінде халықпен кездесіп, әр азаматтарды егжей-тегжейлі таныстырумен айналысып жүрміз.