«Ақ жол» партиясы кәсіпкерлермен пікір алмасты

  • 4
  • 30.07.2026, 19:40

Ақтөбеде «Ақ жол» демократиялық партиясының сапары жалғасып жатыр. Партия төрағасы Дания Еспаева бастаған кандидаттар шағын және орта бизнес өкілдерімен жүздесті. Шара барысында кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Кәсіпкерлер өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, бизнесті дамытуға қатысты сауалдарын жолдады. 

Дания Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Біздің басты мақсатымыз – осы кездесуде қазіргі таңда шағын және орта бизнесті қандай мәселелер толғандыратынын анықтап, пікір алмасу арқылы оны өз жұмысымызда пайдалану. Себебі, біріншіден, бұл – жұмыс орындары. Екіншіден, бұл – бюджетке түсетін салық. Ал бюджетке салық түссе, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік артады. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес дамыса, біздің экономикамыз да дамиды.