Respublica мүшелері медицина мамандарымен жүздесті

  • 5
  • 30.07.2026, 19:41

Respublica партиясының өкілдері Талғар ауданының Белбұлақ ауылында медицина қызметкерлерімен және ем қабылдап жатқан тұрғындармен кездесті. Ашық диалог форматында өткен жиында үміткерлер Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасын жан-жақты таныстырып, бағдарламаның негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдау, еңбек адамының мәртебесін арттыру және өңірлерді дамытуға арналған бастамалар жайында баяндады.

Кездесу барысында сайлаушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Әңгіме емдеу сапасы, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, әлеуметтік мәселелер және халықтың әл-ауқатын арттыруға қатысты өзекті тақырыптарды қамтыды.

Жиын соңында Respublica партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Ержан Дүйсекенов «Біз үшін медицина саласында жүрген әр маманның пікірі маңызды. Біз тек сайлауалды бағдарламамызды таныстыру үшін емес, сіздерді тыңдап, ұсыныстарыңызды есту үшін келдік», – деді.