Қызылорда облысында теміржол вокзалы ашылды

  • 5
  • 31.07.2026, 19:51

Арал ауданындағы Сексеуіл кентінде теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Жаңа нысанның жалпы аумағы 9 мың шаршы метр. Құрылысқа 1 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Заманауи жабдықталған кешен тәулігіне 280 жолаушыға қызмет көрсетеді. Жалпы Қызылорда облысының аумағынан 15 жолаушылар пойызы өтеді. Оның алтауы Сексеуіл арқылы қатынайды.

Оңғар Төлегенов, Сексеуіл теміржол вокзалының бастығы:

-Мұның ішіне қазір жеке салынған, бұрын болмаған ана мен бала бөлмесі бар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлмелер бар. Одан кейін мед.пункт ашылып жатыр тағы да бұрын болмаған. Жүк қоймасы ашылып жатыр жүк сақталатын. Вокзалдың деңгейі, бұрынғыдан күту залы 4 есе үлкейді.

Жоламан Жолдасов, Сексеуіл кентінің тұрғыны:

-Бұрынғы кездерде біз мына вокзалға келіп, пойызды күтетін болсақ, бір кішкентай ғана бөлменің ішінде отырамыз. Жайсыз жағдайда болатынды. Ал енді қазір мен араладым. Барлық жағдайлардың барлығы жасалынып қойылған. Рақмет.