Ақмола облысында үш ғасыр бойы теміржолда еңбек еткен әулет тұрады

  • 4
  • 31.07.2026, 19:53

Ақмола облысында үш ғасырға жуық ғұмырын теміржол саласына арнаған әулет тұрады. Өмірзақовтар отбасының оннан астам ұрпағы болат жолды кәсіп еткен. Әрқайсысының 15 жылдан 45 жылға дейін еңбек өтілі бар. Ералы Өмірзақовтан басталған қызмет бүгінде үшінші буынға жалғасқан.  

Ардагер теміржолшы Ералы Өмірзақов биыл тоқсан жасқа толады. Ең алғаш еңбек жолын облыс орталығының іргесінде орналасқан Золоторун станциясын да бастаған. Бір орында тапжылмай жарты ғасырға жуық еңбек еткен. Марқұм жары да 38 жыл теміржол саласында тер төккен. Қазір олардың жолын балалары жалғасырып жатыр. Тіпті алды зейнетке шығып үлгерген.

Оразбек Өмірзақов, теміржол саласының ардагері:

-Бізде алты баламыз. Төрт ер бала, екі қыз бала. Ер балалардың төртеуі де теміржол да істейміз. Қарындасым да теміржолдың больницасында істеп жүр. Апамыз Көкшетауда. Жездеміз де теміржолда істеген.

Балалары үшін әкелерінің жүріп өткен жолы мен абыройы қымбат. Сондықтан олар өздерінің ұл қыздарын да осы салаға баулыған.

Маратбек Өмірзақов, облыстық Магистральды желі бөлімшесінің бөлім басшысы:

- Қазір менде теміржолшы болғасын балам да оқу бітірген де қайда оқуға барам дегенде мен оған айттым «балам, менің әкем кезінде айтқан теміржолшы қай заман болмасын сені асырайды деп». Балама соны айтып, ол да осы саланы бітіріп, енді қызмет 11 жыл бойы істеп жүр.

Теміржол – ел экономикасының күре тамыры. Өйткені оның жұмысы барлық саланың дамуына ықпал етеді.  Сондықтан сала мамандары уақытпен санаспай жұмыс істейді.

Әнуарбек Өмірзақов, станция маманы:

- Күні бойы, түні бойы істейтін жұмыстар бар. Сменный жұмыстар бар. Путеецтар бар солар күндіз суыққа қарамай, ыстыққа қарамай жолда жүреді. Біз дежурный по станций қауіпсіздік қарап, поезд өтіп жатқан да сол контроль жасап өткіземіз сол поездарды. Жұмыс қызық бір жағынан, қиын да, қызық.

Айта кету керек, соңғы жылдары теміржол саласына мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп отыр. Тек Ақмола облысының өзінде былтырдан бастап 16 теміржол вокзалы жаңартылды.

Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко