Жамбыл облысындағы «Шу» автоматтандырылған газ тарату стансасы аяқталуға жақын. Қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан жобаға Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлінген. Бүгінде аудан табиғи газды қаладан жүз шақырым қашықтықтағы «Қордай» стансасы арқылы алып отыр. Алайда оның қуаты жеткіліксіз. Қазір құрылыс алаңында 29 қондырғы мен жабдықтар жиынтығы орнатылып, блокаралық коммуникациялар қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы жоба Шу және Мойынқұм аудандарының 84 мың тұрғынын тұрақты газбен қамтуға мүмкіндік береді.